Осы редакция 2016 жылғы 21 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 144/5 қаулысымен
бекітілді
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі грант беру туралы шарт (бұдан әрі - шарт) болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағымен қарастырылған құжаттар топтамасын ұсыну болып табылады.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі ұсынылған құжаттарды қабылдайды (20 минуттан аспайды). Құжаттарды кіріс құжаттары журналында тіркейді, басшыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде тапсырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны тағайындайды.