Введите номер документа
Прайс-лист

«Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 28 наурыздағы № 273 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 28 марта 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 14 апреля 2024
Дата последнего изменениячетверг, 28 марта 2024

«Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 28 наурыздағы № 273 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9729 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-бөлігінің 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасында:

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-атқару кодекстеріне (бұдан әрі - ҚАК) сәйкес әрбір сотталғанға мекеме түрiнiң өзгеруі, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуға (бұдан әрі - ШТМББ) өтініш беру не болмаса жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстыру (бұдан әрі - НЖЖА), жазаны өтеудiң бiр жағдайынан басқасына ауыстыру тәртiбi түсіндіріледі.».

43 - тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мекеме әкімшілігі бұл ретте сотталған адамға босатылғаннан кейін әлеуметтік бейімделу үшін қажет «Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 482 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32806 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 482 бұйрық) бекітілген нысан бойынша әлеуметтік-құқықтық көмектің жеке бағдарламасын жасайды, ол сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша жергiлiктi атқарушы органдарға жіберіледі.».

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами