ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2019.19.02. № 121 бұйрығымен оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ 56 бұйрығына
4-қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2019.19.02. № 121 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын ұйымдастыру
қағидалары
(2019.19.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2019.19.02. № 121 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 36-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) экономикалық тергеу қызметі, оның ішінде кадр резервіне алынған қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру мазмұнын және тәртібін айқындайды.
ҚР Қаржы министрінің 2019.19.02. № 121 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Кәсіби қызметтік даярлық - қаржы мониторингі органдары қызметкерлеріне жүктелген қызметтік міндеттерді сәтті атқару үшін қажетті кәсіби білімдер, машықтар және дағдыларды тұрақты жетілдіру мен игерудің ұйымдастырылған және мақсатты процесі.
3. Кәсіби даярлықтың негізгі міндеттері:
1) күрделі жедел ахуал және азаматтық қорғаныс жағдайларында күнделікті қызметтік міндеттерді атқаруға дайындық дағдысын қалыптастыру;