«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 9 қарашадағы № 231 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 190 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережеде:
15-тармақта:
20-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20-3) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға, жергілікті атқарушы органға, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тарату ұйымына мүлікті сенімгерлік басқару шартын және (немесе) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын және мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан, жергілікті атқарушы органдардан, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін иеленетін жеке немесе заңды тұлғалардан берілетін мүлікті беру шартын келісу;»;
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: