«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялардың ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2024 жылғы 23 шiлдедегi № 1-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Төрағасының 2026 жылғы 11 қыркүйектегі № 9-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялардың ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2024 жылғы 23 шiлдедегi № 1-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларда:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Инспекцияға кәсіпкерлік субъектілерімен Инспекцияның өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Инспекцияға заңдармен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Инспекцияның мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері»;
14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.»;
15-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: