«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 21 мамырдағы № 112 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбеде:
«Орта білім беру ұйымдарына арналған 1-11-сыныптарының оқулықтары» деген тізбеде:
«оқыту қазақ тілінде» деген бөлімде:
«3-сынып» деген кіші бөлім жаңа редакцияда жазылсын:
«
| |
| 1 | Қазақ тілі. Оқулық. 1, 2-бөлім + CD (1, 2-бөлім) | Ә. Жұмабаева, Г. Уайсова, Г. Сәдуақас (CD - Б.Сабденова) | 2018 | Атамұра |
| 2 | Әдебиеттік оқу. Оқулық. 1, 2 -бөлім + CD (1, 2-бөлім) | Б. Қабатай, У. Зейнетоллина, В. Қалиева | 2018 | Атамұра |
| 3 | Русский язык. Учебник 1, 2 часть | У. Жанпейс, А. Есетова, Г. Атембаева | 2024 | Атамұра |
| 4 | Русский язык. Учебник 1, 2 часть | М. Каирова, Д. Аринова, М. Сахимзадина, А. Кожабаева | 2024 | Арман-ПВ |
| 5 | Русский язык. Учебник | Т. Калашникова, Р. Бекишева, Ш. Карибжанова | 2024 | Алматыкітап |
| 6 | Математика. Оқулық + CD. 1, 2, 3, 4-бөлім | Ә. Ақпаева, Л. Лебедева, М. Мыңжасарова, Т. Лихобабенко | 2018 | Алматыкітап |
| 7 | Жаратылыстану. Оқулық. | П. Бигазина, Г. Тураканова, А. Жаманкулова Т. Андриянова, Н. Каратаева, В. Беркало, С. Кузнецова, А. Полежаева | 2024 | «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ |
| 8 | Дүниетану. Оқулық | Б. Тұрмашева, С. Салиш, В. Пугач | 2018 | Атамұра |