«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы№ 42 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 302 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9795 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
14-тармақта:
функцияларында:
28) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«28) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында, оның ішінде радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қызметке мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;».