ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 149 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 96 қаулысына
44-қосымша
«Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.
«Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін(бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының атына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйымды құруына немесе сатып алуына рұқсат беру (бұдан әрі - рұқсат беру) туралы хатты және қызметті берушінің банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйымды құруына немесе сатып алуына ресми рұқсатын не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша рұқсат беруден бас тарту туралы дәлеледі жауапты жіберу.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.