Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 493 «Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 10 қарашадағы № 652/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 493 «Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11554 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидаларында:
1 және 2-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
«2-тарау. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу тәртібі»;
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Комиссия осы Қағидаларға сәйкес іріктеу басталғанға дейін бір ай ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын ресми республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу туралы хабарландыру орналастырады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін Комиссия ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.»;
3 және 4-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Қазақстан Республикасының ғарышкерлікке кандидат мәртебесін беру тәртібі»;
«4-тарау. Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін беру тәртібі»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды: