«Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 208 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 қыркүйектегі № 659 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 208 «Ішкі істер органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру, арттыру, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16731 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген ішкі істер органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру, арттыру, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларында:
21-тармақта мынадай редакцияда жазылсын:
«21. ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беруді, жоғарылатуды, растауды, төмендетуді және алып тастауды:
1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі - ІІМ Аппаратының басшысына, Министрдің кеңесшілеріне, Министрдің режим жөніндегі көмекшісіне, комитеттердің төрағаларына, ІІМ орталық аппаратының департаменттері мен дербес бөліністерінің бастықтарына және олардың орынбасарларына, астананың, облыстардын, республикалық маңызы бар қалалардың және полиция департаментінің (бұдан әрі - ПД), қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі - ҚАЖД), ІІМ білім беру ұйымдарының бастықтарына және олардың орынбасарларына, «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағының командиріне;