Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану қағидалары» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрыққа 11-қосымша

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 16 июня 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 23 августа 2025
Дата последнего измененияпонедельник, 16 июня 2025

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -

Ұлттық экономика министрі

2025 жылғы 16 маусымдағы

№ 52 бұйрыққа

11-қосымша

 

 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану

қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 20-бабының 11-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ақпараттық көрсетілетін қызмет - пайдаланушыларға ақпараттық ресурстарды беру бойынша көрсетілетін қызмет;

2) ақпаратқа санкцияланбаған әсер ету - ақпаратқа қол жеткізудің жария болуына, бұрмалануына, жасандылығына, жойылуына, бұғатталуына, сондай-ақ ақпаратты жеткізгіштің жоғалуына, жойылуына немесе жұмыс істеуінің іркілуіне әкеп соқтыратын қол жеткізудің белгіленген құқықтары және/немесе қағидалары бұзыла отырып, қорғалған ақпаратқа әсер ету;

3) байланыс орталығы - пайдаланушының жүгіну сипатына қарай оператордың басқа бөлімшелеріне мәселені одан әрі корреляциялаумен оқыс оқиғаларды тіркеуді қамтамасыз ететін веб-портал операторының сервистік-диспетчерлік қызметі;

4) веб-порталға қатысушы - веб-порталда тіркелген мемлекеттік-жекешелік әріптестік конкурсын ұйымдастырушы, әлеуетті жекеше әріптес, мемлекеттік әріптес, уәкілетті тұлға, уәкілетті орган, конкурстық комиссияның мүшесі;

5) веб-порталға қызмет көрсету бойынша жоспардан тыс іс-шаралар - веб-порталдың күрделі осалдықтарын жою мақсатында бағдарламалық қамтылымның аса маңызды жаңартуларын орнатуға не істен шыққан жабдықтың ауыстырылуына байланысты техникалық және профилактикалық жұмыстар;

6) веб-порталда тіркеу - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жүйесі субъектісін портал арқылы конкурстарға қатысуға жіберу;

7) веб-порталды пайдаланушы (бұдан әрі - пайдаланушы) қатысушының лауазымды адамы не қатысушының өкілі;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами