Осы редакция 2017 жылғы 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 369 бұйрығына 9-қосымша
«Экологиялық ақпаратты ұсыну»
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
«Экологиялық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі - қызмет көрсетуші) «Экологиялық ақпаратты ұсыну» көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету түрі: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - экологиялық ақпаратты беру немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет ұсынушының құрылымдық
бөлімшесі (қызметкерлердің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 (нормативті-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 11229 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Экологиялық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағына сәйкес, (бұдан әрі - Мемлекет қызмет стандарты) көрсетілетін қызмет ұсынушыға қағаз түрінде берілген, көрсетілетін қызметті алушының еркінше нысандағы өтініші (бұдан әрі - өтініш) болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
қағаз түрінде келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсетуші қызмет ұсынуға өтінішті көрсетілетін қызметті ұсынушы кеңсесі қызметкерінің құжатты келіп түскен күні тіркеуі және оны қызмет ұсынушы басшылығына қарастыруға ұсынады;