«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2013 - 2022 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 1409 Қаулысы
(2018.12.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 184-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2013 - 2022 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2018.12.02. № 47 Қаулысымен стратегия жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1409 қаулысымен
бекітілген
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының
2013 - 2022 жылдарға арналған даму стратегиясы
Кіріспе
1. Ағымдағы жағдайды талдау
2. Миссиясы, пайымы
3. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, қызметтің негізгі көрсеткіштері және күтілетін нәтижелер
Кіріспе
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 тамыздағы № 822 қаулысына сәйкес компанияның жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен құрылды. 2015 жылғы 29 қаңтарда «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мемлекеттік акциялар пакеті «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ) сенімгерлік басқаруына берілді.
Осы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның 2013 − 2022 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі - Стратегия) оның стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын және қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және мыналардың: