«Электр энергетикасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 290 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 78 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 33-н/қ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 4 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Электр энергетикасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 290 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 78 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19323 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырлар енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар бекітілсін:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электр энергетикасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жылу энергетикасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес энергия беруші ұйымдарға қатысты электр энергетикасы саласындағы тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға қатысты электр энергетикасы саласындағы тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жеке және заңды тұлғаларға қатысты электр энергетикасы саласындағы тексеру парағы;
6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сараптама ұйымдарына қатысты электр энергетикасы саласындағы тексеру парағы;