Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 және «Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 2 маусымдағы № 386 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 733 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 30 сентября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 14 октября 2025
Дата последнего изменениявторник, 30 сентября 2025

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 және «Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 2 маусымдағы № 386 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 733 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9738 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Пробация қызметі сот үкімі немесе қаулысы келіп түскен күнінен бастап:

1) он күнтізбелік күннен кешіктірмей қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаға сотталғанды шақырады;

2) сотталғанға жазаны өтеу, сондай-ақ жазаның өтелуін бақылау тәртібі мен шарттарын түсіндіреді;

3) сотталған адамды сот үкімін, қаулысын алғаны туралы хабарламамен және әкімдіктің қоғамдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру туралы өкімімен оларды алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қолын қойғызып таныстырады;

4) жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстардың орындалуын сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды орындау орнына бару арқылы, оның ішінде техникалық мүмкіндік болған кезде олардың орындалуын ішінара тіркеп-белгілеу арқылы бақылайды;

5) әкімдіктен жұмыс істелген уақытты есепке алу табелі және орындалған жұмыстар актісін, сондай-ақ сотталған адамның мінез-құлқы туралы ақпаратты алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде онымен профилактикалық әңгімелесу жүргізеді.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами