«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 509 бұйрығына және «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 31 тамыздағы № 231 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 509 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15852 тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларында:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 9-1)-тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) ағымдағы ұшу жоспары (CPL) - әуе қозғалысын басқару органдарының кейінгі рұқсаттарына байланысты ұсынылған ұшу жоспарындағы ықтимал өзгерістерді көрсететін ұшу жоспары;»;
мынадай мазмұндағы 12-3)-тармақшамен толықтырылсын:
«12-3) алдын ала ұшу жоспары (PFP) - ұшу жоспарын ұсынғанға дейін бірлескен ұшуды жоспарлау үшін пайдаланушы немесе тағайындалған өкіл ұсынған ұшу туралы ақпарат;»;
мынадай мазмұндағы 49-1)-тармақшамен толықтырылсын:
«49-1) берілген ұшу жоспары (FPL немесе eFPL ) - ұшқыш, пайдаланушы немесе оның уәкілетті өкілі ӘҚҚ органдары пайдалану үшін берген соңғы ұшу жоспары;»;
127) және 128)-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«127) таулы әуеайлақ (HEA) - 2450 м (8000 фут) немесе одан жоғары биіктікте орналасқан әуеайлақ;
128) таулы аудан - жер бедерінің өзгермелі профилі бар аудан, онда жер бедерінің биіктік өзгерісі 18,5 км (10,0 миль) қашықтықта 900 м (3000 фут) астам құрайды;»;