«Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі бассейндік инспекциялардың ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2024 жылғы 23 шiлдедегi № 1-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және иригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Төрағасының м.а. 2025 жылғы 21 тамыздағы № 2-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі бассейндік инспекциялардың ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2024 жылғы 23 шiлдедегi № 1-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялардың ережелерін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;