Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 13 тамыздағы
№ 345 бұйрығына 3-қосымша
Осы редакция 2020 жылғы 3 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша
әдістемелік ұсынымдар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әдістемелік ұсынымдар сәйкес әзірленді:
- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;
- Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына;
- «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына 2-қосымшаға «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидалары»;
- «Адамға әсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 38 бұйрығы;
- 2020-2021 оқу жылында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуы жағдайында білім беру ұйымдарының тәртібіне, мазмұнына және жұмысын қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.
2. ТжКБ ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру нысандары санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жағдайларына байланысты айқындалады:
1) күшейтілген карантиндік режим кезінде (ПЗКФ > 90%, R = 1 - 1.15) - қашықтық формат (қашықтықтан білім беру технологияларын (бұдан әрі - ҚБТ) пайдалана отырып;