«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 370-ж бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9795 тіркелген, 20 қазан 2014 «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Аталған бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10-үй, 15-кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.»;
14-тармақта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) атом энергиясы саласында өз өкілеттіктерін орындауға байланысты тексерулерді жүргізеді;»;
32), 33), 34), 35), 36), 44) және 47) тармақшалары алып тасталсын;
28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«28) электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;»;
37) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«37) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілердің қосылуын бақылауды жүзеге асырады;»;
49) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: