Ұзынкөл ауданы Киевский және Куйбышевский ауылдық округтері аумағындағы туристік кешендер құрылысына арналған телімде Шошқалы көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және олардың шаруашылық пайдалану тәртібін белгілеу туралы
Қостанай облысының әкімдігінің 2008 жылғы 5 маусымдағы № 326 қаулысы
(2014.30.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қостанай облысы әкімдігінің 2014.30.04. № 182 Қаулысымен тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша «селолық» сөзі «ауылдық» сөзімен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 116-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, және «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесінің бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұзынкөл ауданы Киевский және Куйбышевский ауылдық округтері аумағындағы туристік кешендер құрылысына арналған телімде Шошқалы көлінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.
Жобада су қорғау аймақтарының ені және ұзындығы бөлінген:
№ 1 телімде: ені 500 метр, ұзындығы 100 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 93.69 метр. Су қорғау аймағының жалпы ауданы 5,0 гектарды құрайды.
№ 2 телімде: ені 500 метр, ұзындығы 96 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 93.69 метр. Су қорғау аймағының жалпы ауданы 4,8 гектарды құрайды.
Жобада су қорғау белдеулерінің ені және ұзындығы бөлінген:
№ 1 телімде: ені 60 метр, ұзындығы 100 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 93.69 метр. Су қорғау белдеуінің жалпы ауданы 0,6 гектарды құрайды.
№ 2 телімде: ені 60-70 метр, ұзындығы 96 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 93.69 метр. Су қорғау белдеуінің жалпы ауданы 0,58 гектарды құрайды.