Введите номер документа
Прайс-лист

«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № 14 бұйрығы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 17 февраля 2022
Статус
Утратил силу
утратил силу с 2 августа 2025

 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № 14 бұйрығы

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 17 шілдедегі № 67 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10555 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-бабына сәйкес әзірленді.»;

7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мемлекеттік органның даму жоспарын, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы облыстың, ресубликалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жергілікті бюджеттерін әзірлеу үшін негіз болып табылады.»;

10-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) жалпыұлттық басымдықтарды іске асыруға бағытталған жаңа шығыстар бастамалары;»;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами