«Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 328/47-V шешімі
Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69/11-VI шешімімен күші жойылды
Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 22-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-ІV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 15 сәуірде № 671 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 сәуірде «Астана ақшамы» газетінің 45-ші нөмірінде және «Вечерняя Астана» газетінің 47-ші нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларында (бұдан әрі - Қағида):
4-тарауда:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Астана қаласының жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлік орталығы) берген жылжымайтын мүлік объектісінің бар екендігі және оны бұзу туралы жазбаша қорытынды негізінде жылжымайтын мүлік объектісін бұзу актісін беру.»;
5-тарауда: