ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026.05.05. № 228 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 30 мамырдағы
№ 323 бұйрығына
6-қосымша
«Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру»
мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары
(2026.12.07. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. «Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі - қызмет беруші) көрсетеді.
3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі