«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы жүмыскерлерінің еңбек нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 273 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 468 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы жүмыскерлерінің еңбек нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 273 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13873 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы жұмыскерлерінің еңбек нормаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы жұмыскерлері еңбек нормаларының «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемелерінде бухгалтерлік есеп және қаржы қызметі жөніндегі жұмыстарға уақыт нормалары» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 54 және 55-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 84-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 84 | Қалған операциялар мен «Түзетпе» операциялары бойынша Нысандар альбомының 274-нысанды жеке мемориалдық ордерлерді қалыптастыру және тексеру | бір шартты құжат | 0,50 |
»;
реттік нөмірлері 102 және 103-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 102 | Жеке табыс салығын және әлеуметтік салықты есептеу бойынша жиынтық есеп | бір шартты құжат | 1,54 |
| 103 | Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны қалыптастыру және тексеру | бір шартты құжат | 2,08 |
»;
реттік нөмірлері 110, 111, 112 және 113-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 110 | 4-КБ-Б нысаны бойынша кредиторлық берешек туралы есепті жасау | бір шартты құжат | 2,07 |
| 111 | 4-КБ-Ө нысаны бойынша кредиторлық берешек туралы есепті жасау | бір шартты құжат | 2,07 |
| 112 | 5-ДБ-Б нысаны бойынша дебиторлық берешек туралы есепті жасау | бір шартты құжат | 2,07 |
| 113 | 5-ДБ-Ө нысаны бойынша дебиторлық берешек туралы есепті жасау | бір шартты құжат | 2,07 |
»;