Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы» 2016 жылғы 11 ақпандағы № 68 және «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия құру туралы» 2016 жылғы 11 ақпандағы № 69 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 50 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 11 ақпандағы № 68 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жанынан жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жанынан жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі - сараптамалық кеңес) құрылсын.
2. Сараптамалық кеңестің жұмыс органының функциялары Заң департаментіне жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша алып тасталсын.
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 11 ақпандағы № 69 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссия құру туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: