«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақылар мен басқа да төлемдер төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 200 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 708 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақылар мен басқа да төлемдер төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 200 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32048 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақылар мен басқа да төлемақыларды төлеу қағидаларында:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әскери қызметшіге тиесілі және оған уақтылы төленбеген немесе мөлшерден аз төленген ақшалай ризық талап мерзімінің өтуі шегінде әскери қызметшінің оған құқығы болған барлық кезең үшін төленеді.
Жеке істерде есеп алынбаған қызмет мерзімдері расталған жағдайда лауазымдық айлықақы мөлшерін анықтау үшін жаңадан белгіленген мөлшердегі ақшалай ризық:
әскери қызметші растайтын құжаттарды уақтылы ұсынбаған жағдайда өткен кезеңді қайта есептемей, өтілін белгілеу жөніндегі хаттамаға қол қойған күннен бастап;
әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) уақтылы расталған қызмен кезеңін есептемеген жағдайда барлық қызмет кезеңі үшін төленеді.
Ұсынылған құжаттарды қарау және жаңадан белгіленген мөлшерлер бойынша төлем жүргізу күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырылады.