«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 555 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
157) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«157) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Таранов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесі осы бұйрыққа 157-қосымшаға сәйкес;»;
177) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«177) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Железин ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесі осы бұйрыққа 177-қосымшаға сәйкес;»;
көрсетілген бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Егiндiкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесінде:
18-тармақ алып тасталсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Басқарманың басшысы мынадай өкілеттікті жүзеге асырады:
1) Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының, қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) Басқарманың штат санының лимиті шегінде Басқарманың штат кестесін бекітеді;