Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 2 қарашадағы № 61 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 81 шешімі
Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 2 қарашадағы № 61 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10081 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мерекелік және атаулы күндердің тізбесі:
1) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні - 15 ақпан;
2) Отан қорғаушы күні - 7 мамыр;
3) Жеңіс күні - 9 мамыр;
4) Тәуелсіздік күні - 16 желтоқсан.»;
5-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жыл толуына орай - 15 ақпан:
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;