Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕРНЕУІ 35-110 КИЛОВОЛЬТ ЭЛЕКТР БЕРУДІҢ ӘУЕ ЖЕЛІЛЕР...

Информация о документе
Датапятница, 6 января 2017
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 6 января 2017

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2017 жылғы 6 қаңтардағы

№ 2 бұйрығына

24 қосымша

 

Осы редакция 2021 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Кернеуі 35-110 киловольт электр берудің әуе желілерін пайдалану жөніндегі

әдістемелік нұсқаулар

 

 

1 бөлім. Жалпы ережелер

 

1. Кернеуі 35-110 киловольт электр берудің әуе желілерін пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (бұдан әрі - Әдістемелік нұсқаулар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Аталмыш Әдістемелік нұсқауларда келесі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) байқау - бұл ӘЖ жолының және барлық элементтерін көзбен шолу арқылы тексеру үшін ӘЖ-ні қарап шығу;

2) көкмұз - тығыздығы (0,6-0,9) 103 килограмм/куб метр (бұдан әрі - кг/м3) қатты мұз немесе тығыздығы (0,2-0,3) 103 кг/м3 қарға ұқсайтын кристалдық тұнба бейнесіндегі мұздақ (қырау), немесе мұз, мұздақ және сулы қар қатпарынан тұратын қоспа түрінде пайда болады;

3) көкмұзды еріту - электр тогымен қыздыру арқылы ӘЖ сымдарынан жәй тартқыш сым арқандарынан көкмұзды кетіру;

4) сымдардың жай тартқыш сым темірлердің билеуі - үлкен амплитудалы (мөлшермен 0,3-5 м) және шағын жиіліктегі (0,3-2 Гц) сымдардың, жай тартқыш сым темірлердің тербелуі;

5) тарту - электр берудің әуе желілері сымдарын (сым темір) тартатын сымның (сым арқанның) осі бойымен бағытталған күш.

 

 

2 бөлім. Қолданылу саласы

 

3 Әуе желілерін (бұдан әрі - ӘЖ) пайдалану олардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған техникалық қызмет пен күрделі жөндеу өткізуден тұрады.

4. ӘЖ техникалық қызметі ӘЖ элементтерін мерзімімен бұрын тозудың алдын алуға бағытталған шаралар кешенінен тұрады.

5. Техникалық қызмет кезінде байқаулар, тексерулер, өлшеулер, жеке жұмыс түрлері орындалады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами