«Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 48 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган - цифрландыру және «электрондық үкімет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
8-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік цифрлық жүйелерді беру;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ұлттық қауіпсіздік органдарының киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған объектілерін цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісіне беру;»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын: