Бейресми аударма
1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
(2025 жылғы 26 маусымда)
ҚР 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 278-VIII Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы мемлекеттер
Уағдаласушы Тараптардың аумақтарында кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрықтарын тануға өзара мүдделілікті негізге ала отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға (бұдан әрі - Конвенция) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. Конвенцияның 6-бабы «азаматтық істер бойынша сот шешімдерді,» деген сөздерден кейін «кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрықтарын (сот бұйрығы туралы ұйғарымдарды) (бұдан әрі - сот бұйрықтары),» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Конвенцияның 51-бабының «а» тармақшасы «(бұдан әрі - шешімдер;» деген сөздерден кейін «, сот бұйрықтары» деген сөздермен толықтырылсын.
3. Конвенцияның 53-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
4. 3-бап. Шешімді, сот бұйрығын мәжбүрлеп орындауға рұқсат беру туралы өтінішхат
1. Шешімді, сот бұйрығын мәжбүрлеп орындауға рұқсат беру туралы өтінішхат шешім, сот бұйрығы орындалуға жататын Уағдаласушы Тараптың құзыретті сотына беріледі. Оны іс бойынша шешім, сот бұйрығын шығарған бірінші сатыдағы сотқа да беруге болады. Бұл сот өтінішхатты өтінішхат бойынша шешім шығаруға құзыретті сотқа жібереді.
2. Өтінішхатқа: