Введите номер документа
Прайс-лист

«Өлшеп оралған шәй өндіру» кәсіптік стандарты (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 477 бұйрығына 4-қосымша)

Информация о документе
Датапятница, 19 декабря 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 24 декабря 2025
Дата последнего измененияпятница, 19 декабря 2025

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2025 жылғы 19 желтоқсандағы

 № 477 бұйрығына

4-қосымша

 

 

«Өлшеп оралған шәй өндіру» кәсіптік стандарты

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: «Өлшеп оралған шай өндіру» кәсіптік стандарты шай өндіру және қаптау, сондай-ақ аспаздық пен қонақ үй бизнесі саласында қолданылады. Ол шай өндірісінің барлық кезеңдерін шикізатты таңдаудан бастап дайын өнімді қаптау және таңбалауға дейінгі үдерістерді қамтиды. Стандарт өлшеп оралған шай өндірісінде қызмет атқаратын мамандардың біліктілігі мен кәсіби дағдыларына қойылатын талаптарды айқындайды, сондай-ақ өндірісті жүзеге асыруға арналған жабдықтар мен технологиялық үдерістер бойынша ұсынымдарды қамтиды. «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленген және жұмысқа қабылдау кезінде үміткерлерге қойылатын талаптарды қалыптастыруда, білім беру бағдарламаларын, оның ішінде кәсіпорындардағы персоналды оқыту бағдарламаларын әзірлеуде, қызметкерлер мен білім беру ұйымдары түлектерінің кәсіби біліктілігін тану барысында, сондай-ақ ұйымдар мен кәсіпорындарда персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін қолданылуы мүмкін.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) Артикул - өнімнің, тауардың түрі немесе үлгісі, сондай-ақ оның кодтауға арналған сандық немесе әріптік белгісі;

2) Шай пакеттеріне арналған бекітпе-қысқыш - аз да болса сапалы сервистің таптырмас бөлігі болып табылады. Олардың арқасында пакеттер эстетикалық жағынан жағымды көрінеді, жеткілікті тығыздыққа ие, тек соңғы өнімге қажетті ауа мөлшерін өткізеді;

3) Білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;

4) Дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;

5) Машық - кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами