Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 580 бұйрығына
3-қосымша
Осы редакция 2025 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Гидроэлектр станцияларындағы су ағынын есепке алу жөніндегі әдістемелік
нұсқаулар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Гидроэлектр станцияларындағы су ағынын есепке алу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (бұдан әрі - Әдістемелік нұсқаулар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес әзірленген және гидроэлектр станцияларында (бұдан әрі - ГЭС) су ағынын есепке алуды ұйымдастыру мен өткізуге арналған әрі белгіленген қуаты 5 МВт астам барлық гидроэлектр станцияларына таралады.
2. Осы Әдістемелік нұсқауларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) гидроэлектр станциясы - су ағынының энергиясын энергия көзі ретінде пайдаланатын электр станциясы;
2) эжекциялық әсер - қысымы неғұрлым төмен суды қысымы неғұрлым жоғары су ағынымен ұлғайту.
Осы Әдістемелік нұсқауларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады
2-тарау. ГЭС-те ескерілетін су ағынының негізгі құрауыштары
3. Су торабының жармасы арқылы өтетін су ағыны, гидроагрегаттар арқылы су шығынынан, түрлі су өткізетін құрылыстардан (бос жолдар арқылы су ағызу, шлюздер, жуып-шаю галереялары) ағызылатын шығыннан, сүзгілеуге және түрлі ағып кетулерге (қақпақтардың тығыз емес жерлерінен, гидротурбиналардың жабық бағыттайтын аппараттарынан, шлюздердің қақпалары) кеткен шығыннан және жеке мұқтаждыққа арналған шығыннан құралады.