Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы 22 тамыздағы
№ 175 қаулысына 2-қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 36 Қаулысымен күші жойылды
«Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелген) бекітілген «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Жамбыл облысының денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі - қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесімен өтініштерді қабылдау және көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - стандарттың 1-қосымшаға сәйкес электрондық түрдегі нысанда диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы анықтама.
Анықтама «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» деректер базасында тексеруден кейін беріледі.
Анықтаманың жарамдылық мерзімі - күнтізбелік 10 күн.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастауға негіздеме болып стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттары (бұдан әрі - құжаттар) болып табылады.