«Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2026 жылғы 14 тамыздағы № 235-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:
2-тармақ:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) бақылау (сәйкестендіру) белгісі - сәйкестендіру құралын қамтитын және тауарларды таңбалауға арналған, қолдан жасаудан қорғау элементтері (құралдары) бар қатаң есептіліктің бланкісі (құжаты) (қорғалған полиграфиялық өнім);»
мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын:
«37-1) материалдық жеткізгіш - қолдан жасаудан қорғау элементтерін (құралдарын) қамтитын немесе қамтымайтын және сәйкестендіру құралын түсіруге, сақтауға және беруге арналған бақылау (сәйкестендіру) белгісі немесе кез келген материалдан жасалған объект;»;
мынадай мазмұндағы 62-1) және 62-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
«62-1) сәйкестендіру коды - сауда қызметінде тауарларды бірмәнді сәйкестендіру мақсатында Тауарлардың ұлттық каталогында қамтылатын, тауар түрлеріне берілетін және штрих-код түрінде ұсынылған, машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей реттілігі;
62-2) сәйкестендіру құралы - штрихтық код түрінде ұсынылған немесе радиожиілік белгісіне жазылған, не автоматты сәйкестендірудің өзге де құралын (технологиясын) пайдалана отырып ұсынылған, машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей реттілігі;»;
мынадай мазмұндағы 68-1) және 68-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
«68-1) тауар кіші санаты - бір тауар санаты шегінде ұқсас функционалдық сипаттамалары мен тұтынушылық қасиеттері бар тауарларды біріктіретін тауар санатының бөлігі;