«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 341 өкімі
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамында:
жоғарыда аталған Кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
| Пірматов Ғалымжан Олжаұлы | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы, |
| Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі, |
| Қуантыров Әлібек Сәкенұлы | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, |
| Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы | - | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, |
| Шарлапаев Қанат Бисимбайұлы | - | «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша), |
| Зебешев Ардақ Темірханұлы | - | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы, |
| Баталов Райымбек Әнуарұлы | - | «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы (келісім бойынша), |
| Бела Ференци | - | «Дженерал Электрик» компаниясының Ресейдегі/Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы президенті (келісім бойынша), |
| Гэри Нейгл | - | «Glencore» компаниясының бас директоры (келісім бойынша), |