Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 948 бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 404 бұйрығымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11543 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін».
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме):
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қызметшінің қорытынды бағасын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Жауапты хатшысы, ал Комитеттерде және олардың аумақтық бөлімшелерінде - тиісінше Комитеттің төрағасы және аумақтық бөлімшенің басшысы бекітетін тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді».
24, 25, 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: