Атырау қалалық Мәслихатының 2017 жылғы 14 тамыздағы № 144 «Әлеуметтік көмек көрсетудің оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 575 шешімі
Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 24 мамырдағы № 166 шешімімен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы қаулысына сәйкес Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қалалық Мәслихатының 2017 жылғы 14 тамыздағы № 144 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3941 санымен тіркелген, 2017 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасындағы:
1) 1-тараудың тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2) 2-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар: