Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 29/6-ІІІ Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Астана қаласының мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 465/65-IV Шешімі
Осы редакция 2015 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы кодексінің 3, 300 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 29/6-ІІІ «Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 28 сәуірде № 324 болып тіркелген, 2004 жылғы 8 мамырдағы № 56-57, 2004 жылғы 15 мамырдағы № 59-60 «Вечерняя Астана», 2004 жылғы 15 мамырдағы № 62-63, 2004 жылғы 17 шілдедегі № 95-96 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Астана қаласындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау қағидаларында:
1-тарауда:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) Астана қаласының жасыл белдеуі - арнайы маңызы бар, қаланың аумағын қоршаған және қорғау, санитарлық-гигиеналық, мәдени-сауықтыру, оңалту және туристік қызметтерді орындайтын көгалдандырылған аумақ»;
1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) санитарлық-қорғау белдеуі - қала тектес мекендер бөлігін өлшемі мен ұйымдастыру өнеркәсіптің қоршаған ортаға, сондай-ақ Астана қаласының жасыл белдеуіндегі жасыл желектерге зиянды ықпалының сипаты мен деңгейіне байланысты болатын өнеркәсіптік кәсіпорындардан бөліп тұратын арнайы мақсаттағы көгалдандырылған аумағы»;