Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 577 бұйрығы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 20 ноября 2015
Статус
Утратил силу
утратил силу с 13 июня 2025

«Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 577 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 6443 болып тіркелген, 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 370-371 (26214) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiнде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«1. Осы Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді.»;

2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«2. Мемлекеттік мекемелер бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілікті қалыптастыруды осы қағидаларда көзделген есептің нақты модельдерін анықтайтын есеп саясатына сәйкес жүзеге асырады.»;

3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын орыс, тіліндегі мәтін өзгермейді:

«3. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:»;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами