Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 305 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 24 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 263 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамына:
| Дудник Вячеслав Юрьевич | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Формулярлық комиссияның төрағасы; |
| Табаров Әділет Берікболұлы | - | «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау департаментінің бірінші санаттағы сарапшысы; |
| Қамалиева Мадина Русланқызы | - | «Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың формулярлық жүйесін және кәсіптік сараптамасын дамыту басқармасының Денсаулық сақтау технологияларын бағалау және дәрі-дәрмек саясаты департаментінің бас маманы, Формулярлық комиссияның хатшысы енгізілсін. |
| Байсеркин Бауыржан Сатжанұлы | - | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы; |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
| Байсеркин Бауыржан Сатжанұлы | - | «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК директоры; |
көрсетілген құрамнан Ж.Қ. Бүркітбаев, А.В. Костюк, К.А. Шамсивалиева, М.Х. Ембергенова, Д.Д. Мирзахметова, Г.Ө. Кұлқаева, О.С. Бекарисов А.Р. Басибекова шығарылсын.