Осы редакция 2019 жылғы 3 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы 4 наурыздағы
№ 79 қаулысымен
бекітілген
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, ауданның, Тараз қаласының жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) www.elicense.kz «Е-лицензиялау», www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім немесе Стандарттың 10 - тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.