«Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 28 қарашадағы № 604/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 7 тамыздағы № 461/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 28 қарашадағы № 604/НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 37506 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау қағидаларында:
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі - қазақстанда шығарылған тауар өндірушілер және олар өндіретін тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектісі;»;
5), 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімі - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 279/НҚ бұйрығымен бекітілген Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындау қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38903 болып тіркелген) (бұдан әрі - тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидалары) белгiленген өлшемшарттарына сәйкес келетiн цифрлық объектiлердiң тізбесі;