2010 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
(Әбу Дабиде қ., 2017 жылғы 15 қаңтарда)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 298 Қаулысымен бекітілді
2017 жылғы 3 қарашада күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі,
2010 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 7 - бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
1. Келісімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісім».
2. Келісімнің 1-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тараптар Келісімді жүзеге асыру мақсатында бір Тарап мемлекеті азаматтарының екінші Тарап мемлекетінің аумағына кіруі үшін жарамды құжаттар тізбесіне келесі құжаттарды енгізуге уағдаласты:
- Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:
дипломатиялық паспорт;
қызметтік паспорт;
- Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтары үшін:
дипломатиялық паспорт;
арнайы паспорт».