«Әлеуметтік қорғау саласындағы кәсіптік стандартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 262 және «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саланың басқа да кәсіптері» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 125 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 18 маусымдағы № 249 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әлеуметтік қорғау саласындағы кәсіптік стандартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 262 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32943 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік қорғау саласындағы кәсіптік стандартта:
көрсетілген кәсіптік стандарт қосымшасында:
«Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және анықтау жөніндегі әлеуметтік қызметкер» мамандық картасында:
реттік нөмірі 11-жолдың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саланың басқа да кәсіптері» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 125 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саланың басқа да кәсіптері кәсіптік стандартында:
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардағы әлеуметтік қызметкердің көмекшісі» кәсіп карточкасында:
реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«