«Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 24 шілдедегі № 374 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарға, қандастарға:
1) бірыңғай республикалық электрондық базада немесе «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында есепке қою күні бойынша;
2) бірыңғай республикалық электрондық базаның немесе «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасының деректеріне сәйкес отбасы құрамында үш адамнан артық болған кезде отбасының соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысымен отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) - көрсеткішінен аспайтын табыс немесе оның болмауы;