ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қаржылық мониторинги дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 6 қазандағы № 1038 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қаржылық мониторинги дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 6 қазандағы № 1038 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қаржылық мониторинги дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
«Тұжырымдаманың паспорты» деген 1-бөлімнің төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«
| Іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар және ұйымдар | ӘдМ, БҚДА, БП, ҒЖБМ, ДСМ, ЕХӘҚМ, ЖС, Қаржымині, ҚМА, ҚНРДА, МАМ, МҚІА, ОАМ, ӨҚМ, СИМ, СЖРА ҰСБ, СЖҚІА, СІМ, ТСМ, ҰБ, ҰҚК, ҰЭМ, ЦДИАӨМ, ІІМ |
»;
«Қаржылық мониторинги дамыту пайымы» деген 4-бөлімнің он бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қылмыстық жолмен алынған активтерді іздеу және қайтару дамудың басымды бағыттары болып айқындалады.»;
«Қаржылық мониторинги дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері» деген 5-бөлімде:
«1-міндет. Ақпараттық жұмысты жетілдіру және кадрлық әлеуетті арттыру» деген кіші бөлімде:
жетінші бөлік алып тасталсын;
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қатысушылардың біліктілігін одан әрі арттыру мақсатында ACAMS (жылыстатуға қарсы жүйенің сертификатталған маманы), CFCS (қаржылық қылмыстар бойынша сертификатталған маман) және т.б. үлгісі бойынша сертификаттау үшін олардың дайындық курстардан өтуі ұйымдастырылатын болады»;
«3-міндет. «КЖ/ТҚҚІ жүйесін жетілдіру» деген кіші бөлімнің «Тәуекелдерді бағалаудың жаңа бағыттарын енгізу» деген тарауының 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: