Осы редакция 2019 жылғы 25 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.15.04. № 217 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму Министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 521 бұйрығына 5-қосымша
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер
қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.15.04. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірледі (бұдан әрі - Министрлік).
3. Мемлекеттік қызмет облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі- Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы аркалы жүзеге асырылады.
2-тарау Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) порталға жүгінген кезде тапсырған сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
5.Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз және электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.