Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 113 «2022-2024 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2022 жылғы 6 маусымдағы № 166 шешімі
ШЕШТІ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 113 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25823 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2022 - 2024 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 84 761 423,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 56 490 341,3 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 352 789 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 780 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 27 138 293,5 мың теңге;
2) шығындар – 96 686 900,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 827 773 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 1 104 546 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 276 773 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 169 579,2 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 169 579,2 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицитi) – - 12 922 828,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) – 12 922 828,6 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсiмi – 6 865 159 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 4 886 773 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 10 944 442,6 мың теңге.»;
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының «2022 - 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының (әрі қарай - Заңы) 9-бабына сәйкес белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын:
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;
2) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;