«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 12 қарашадағы № 140/ҚЕ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13121 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан (бұдан әрі - ҚР ЖЖОКБҰ), оның ішінде Қазақстан Республикасы әскери, арнаулы оқу орындарынан (бұдан әрі - ҚР ӘАОО) ұқсас білім беру бағдарламасы бойынша ҰҚО ӘАОО-ға ауыстыру білім алушыларды ҰҚО ӘАОО арасында ауыстыруды қоспағанда, каникул кезеңінде оқу жылының нәтижелері мен жинаған ауыстыру баллы ескеріле отырып, егер бакалавриат үшін жұмыс оқу жоспарындағы міндетті компоненттің оқу пәні және (немесе) модулінің айырмашылығы төрттен аспаса және тиісті курста бос орын болған жағдайда жүзеге асырылады.